Шыңғыс хан ұрпағының толық генеологиялық картасы бар көрме ашылды
Шыңғыс хан ұрпағының толық генеологиялық картасы бар көрме ашылды
© inform.kz
505
оқылды
Петропавлда «Алтын Орда: ғасырлар үндесуі» атты кітап көрмесі жұмысын бастады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көрмеде Шыңғыс хан ұрпағының толық генеологиялық картасы да ұсынылды. Онда 4 мыңнан астам ханның аты жазылған. Кітап көрмесі облыстық Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада ашылды. Үш бөлімнен тұратын экспозицияда Алтын Орданың тарихы, хандары және мәдени мұрасымен танысуға болады. Оқырман назарына 100-ден астам кітап пен журнал ұсынылған. «Көрмедегі ең құнды кітаптың бірі - Владимир Тизенгаузеннің еңбектері. Ол парсы және араб тарихшыларының Орталық Азия және Қазақстан туралы зерттеуін жинақтап, 1884 жылы Ресейде басып шығарды. 2005-2006 жылдары толықтырылып, қайта жарық көрді. Қазақстанның Түркістан, Сығанақ, Тараз және т.б. қалалары туралы тарихи-географиялық материалдар, Алтын Орда халқының әлеуметтік, этникалық және саяси өмірі туралы мәлімет бар. Көрмеге бірінші және төртінші томы қойылды. Ол тарихшылар, студенттер, шығыстанушылар және қалың оқырман үшін қызықты болмақ», - дейді кітапханашы Әсел Шайхисламова. Ресейлік профессор, шығыстанушы Тұрсын Сұлтановтың «Жетінші сөз» атты кітаптар топтамасын да көрмеден табуға болады. Шыңғыс ханның, Бату, Жошының және басқа хандардың өмірбаяны, Алтын Ордадан қалған Қазақстан аумағында орналасқан сәулет ескерткіштері жайында да мол мағлұмат бар. Кітаптар көрмесі жыл соңына дейін жұмыс істемек.