Жол төсеміне жөндеу жүргізеді.
Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады
Фото: istockphoto.com
623
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсеміне жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 25 маусым сағат 00:00-ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүргенде кептелісте қалмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін еске саламыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.