Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Словения президентіне  құттықтау жеделхатын жолдады
503
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Словения президенті Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.

– Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.