Бекшин коронавирусқа байланысты ұйым басшыларына үндеу жасады
Бекшин коронавирусқа байланысты ұйым басшыларына үндеу жасады
© 24.kz
224
оқылды
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұйым басшыларына ұсыныс жасады, - деп хабарлады 24.kz. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына 1-2 санаттағы елдерден келген қызметкерлерді жұмысқа жолатпау керек. Неге десеңіз, ең біріншіден бүкіл ұжымды қорғау керек. Олар өз тарапынан өз жанұясын, достарын, туыстарының денсаулығын ойлауы керек», - деді Ж.Бекшин. 4-наурыздағы 12-қаулының 1 тармағына сәйкес, 1 Б және 2 санаттағы елдерден келетін адамдар заңнамаға сәйкес, тұратын жері бойынша өзін-өзі оқшаулап, үйдегі карантинде болуы тиіс. Айта кетсек, 1 А тобындағы елдерден келгендер міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады. Бүгіннен бастап Италия коронавирусқа байланысты 1-санаттың А тобына енгізілді.