Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Дастан Бөкешев кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізді.
Бизнесті қорғау жалғасып келеді
354
оқылды

Бизнестің өзекті мәселелері өзара іс-қимыл шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының (өкп)алаңында талқыланды. Еске салсақ, биыл мамыр айында Қаржы мониторингі агенттігі, «Атамекен» ҰКП басшылары және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.

Айта кетейік, қазір ӨКП мен департамент ара­сында тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған. Жұ­мыс­тың кең ауқымы іске асырылып жатыр. Бірлес­кен қыз­мет кәсіп­керлердің нақты мәселелерін жыл­дам шешуге бағытталған. Мысалы, жыл басы­нан бері өңір­лік палатаға 103 өтініш келіп түсті, соның ішінде 51 өті­­нім бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді (50%). Қор­ғал­ған мүліктік құқық сомасы 80 млн теңгеден асты.

«Құқық қорғау желісі бойынша өтініштердің мазмұны түрлі. Құқық қорғау бойынша өтінім санының ұлғаюына қарай динамика байқалады. Жер мәселелері бойынша өтініштер 33%, салық салу саласы – 19%, АӨК – 17%, мемлекеттік сатып алу бойынша – 11%, өзге де мәселелер бойынша (логистика, ТКШ) 15%-ды құрайды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарына шағымдар 5%-ды құрады. Бізге келіп түскен өтініштерді саралай келе, мемлекеттік органдар тарапынан репрес­сия­лық сипат бары байқалды», – деді ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Кездесу барысында кәсіпкерлер мемлекеттік орган өкілдеріне кедендік кедергілер, мемлекеттік сатып алу, білім беру саласына қатысты мә­селелермен жүгінді. Тараптар оларды шешу жөніндегі ұсыныстар, жалпы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі стратегияларды әзірлеу жайында уағдаласты.