Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Қарағандыда 28 адам өрттен эвакуацияланды
755
оқылды

ТЖМ құтқарушылары Қарағандыда өрттен 28 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз жанып, өрт шыққан.

– Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.