Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған.
Оралда өзін абайсызда атып жіберген 21 жастағы полицей көз жұмды
1,240
оқылды

24 маусым күні таңертең БҚО Полиция департаментінің ғимаратында 21 жастағы полицей байқаусызда өзіне оқ атқан. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінше, тәртіп сақшысы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 

Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған.

Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.