Президенттікке үміткерлер арасындағы тікелей эфирдегі дебат алғаш рет көрермендерсіз өтеді. Трамп пен Байден осылай келіскен.
Үлкен билікке таласқан екі «ақсақал» сөз жарыстырады. Нәтижесін бүкіл әлем күтуде
АҚШ президенттігіне кандидаттар арасындағы дебат тек америкалық қоғам үшін ғана емес, әлемдік саясатта да маңызды оқиға. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Carlos Barria / Mark Makela
1,622
оқылды

BBC News АҚШ президенттігіне кандидаттардың арасындағы дебат тек америкалық қоғамның ғана емес, әлемдік саясатта маңызды оқиға екенін жазды. Aikyn.kz осы материалға сүйене отырып,  Атлантада CNN телеарнасының студиясында өтетін саяси оқиғаның маңызын талдайды.

Келесі АҚШ президенті кім болатынын тікелей эфирдегі пікірталас көрсете ме? Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Stephen Lam

АҚШ президенттігіне үміткерлер арасындағы алғашқы дебаттар тікелей эфирде 1976 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолғы дебат Байденнің сайлау штабының талабы бойынша көрерменсіз өтеді. Дебат Джорджия штатының орталығы Атлантада CNN телеарнасының студиясында 27 маусымда жергілікті уақыт бойынша 21.00-де өтеді (Астана уақыты бойынша 28 маусым таңғы сағат 6.00).

Бұл жекпе-жектің нәтижесі биыл 5 қарашада өтетін АҚШ президенті сайлауының тағдырын шешуі мүмкін. Сондықтан дебаттың қалай өтетінін көргісі келетін миллиондаған америкалықтар келесі АҚШ президенті кім болатынын осындай тікелей эфирдегі пікірталастар арқылы болжай алады.

2020 жылғы сайлаудың алдында өткен бірінші дебаттың өте шиеленісті өткенін білеміз. Оны Байденнің: «Жігіт, аузыңды жабасың ба?» деген сөздерінен жақсы көруге болады.

Ал сол жылғы екінші дебаттың алдында Трамп пен Байден қарапайым әдептілік нормасын да сақтай алмады: екеуі қол да алыспады.

Дебаттың ұзақтығы 90 минут, ереже бойынша кандидаттардың микрофондары оның қарсыласы сөйлеген кезде өшіріледі. Фото Getty Images AP Photo сайтынан алынды. Авторы: Scott Olson

Бұрынғы саяси дебаттардан айырмашылығы, бұл пікірталас кабельдік телестудияда өтеді, ол тікелей эфирде көрсетілгенімен, студияда көрермендер болмайды. Бұл Джозеф Байден командасының басты талабы болған.

Екі үміткердің қолында қаламсап пен ақ қағаз ғана болады, жарнамалық үзілістер кезінде олар саяси кеңесшілерімен сөйлесе алмайды.

Дебаттың ұзақтығы 90 минут, ереже бойынша кандидаттардың микрофондары оның қарсыласы сөйлеген кезде өшіріледі. Өйткені 2020 жылғы дебаттың тәжірибесі көрсеткендей, кандидаттар бірінің сөзін бірі бөлмеуі тиіс.

Консервативті ұстанымдағы сарапшылар қазіргі президент Байден дебатта ұйықтап қалмай немесе сахнада шатаспай, дұрыс жолмен жүріп, дебатты өткізеді. Республикашылдар мен бұл партияның кандидаты 78 жастағы Трамп болса, 81 жастағы Байденді қалжыраған және әлсіз деп сипаттайды.

81 жастағы Байденнің когнитивті қабілеттеріне айтылатын сын өте көп. Фото dw.com сайтынан алынды

Дональд Трамптың бұл жолғы Президент сайлауындағы кандидаттық жолы өте қиын болды. Фото dw.com сайтынан алынды

Дебаттың саяси мазмұнын талдай келе, пікірталас негізінен АҚШ-тың ішкі негізгі проблемалары экономика және иммиграция тақырыбын қамтиды деп ойлаймыз. Бұл америкалықтар үшін екі басты мәселе. Бейсенбі күнгі дебаттың жеңімпазы өзінің әлсіз жақтарын қорғай отырып, өзінің күшті жақтарын жақсы көрсете алуы керек.

Бұл дебаттың тағы бір ерекшелігі – АҚШ-тың президенттігіне үміткерлер әлі ресми түрде үміткер ретінде тіркелмеген. Әрине, ешкім Трамп пен Байденнің өз партияларынан ресми кандидат ретінде ұсынылатынына күмән келтірмейді. 

Қыркүйек айына жоспарланған екінші дебатта екі кандидат та ресми тіркелген үміткер болады деп күтілуде. Президент Байденнің жоғары лауазымды көмекшісі BBC-дің медиа серіктесі CBS-ке берген сұхбатында: «Маусымдағы пікірталас – бұл біз үшін сайлау траекториясын белгілеуге немесе жақын арада сайлау учаскелерін өзгертуге арналмаған» деп, бүгінгі дебат сайлау жарысының соңы емес, қиын марафонның басы екенін меңзеген сияқты.

Сіз бұл дебаттың қалай өтетінін тікелей эфирде немесе ертең таңғы жаңалықтар арқылы біле аласыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.