Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер жайлы сөз қозғады.
«Әйел бәріне көну керек...»: Алтынай Жорабаеваның жазбасы оқырманды ойландырып қойды
Фото: instagram.com/ altynaizhorabayeva
1,883
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында әйелге көп жауапкершілік артылатынына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.     

Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер жайлы сөз қозғады. Ол қыз бен ұлды бөліп-жармай, жастайынан еңбекке баулып тәрбиелеу керек деп есептейді. 

"Неге? "Қыз сыны" Неге? "Жігіт сұлтаны? Әу бастан, қыз баласын сынға алып, бәрін әйел адамнан талап ету, бүкіл жауапкершілікті әйел адамға артып қоюды қанға сіңіріп, ойға түйіп тастаған сияқты ма, қалай өзі? Қыз нәзік, қыздың жолы жіңішке, қызға қырық үйден тыйым дейді де, қыздың қырық жаны бар деп қоятынымыз қалай? Былай қарасаң, нәзік, әлсіз деген сияқты айтып келіп, бірақ сол "әлсіз жаратылысқа" үстемдік жасап, әлсізге әлімжеттік көрсетіп, бірақ қайтадан бүкіл үйдің тірлігін, бүкіл жауапкершілікті, яғни күйеуі ішіп кетсе, құмар ойын ойнап кетсе, ішіп келіп ұрса, жүріс жүрсе, әйел үнін шығармай, көніп, бала-шағаны бағып, үйдің шаруасын жасап жүруді талап етуді қалай түсінуге болады? Нағыз ер-азаматты сыйламайтын, тапқан табысының берекесін қашырып отыратын әйелдер де бар! Мынау еркектің, мынау әйелдің жұмысы деп бөлмей, кішкентайынан ұлды да, қызды да үй шаруасына, дала шаруасына баулып тәрбиелегенде, әйел еріне, ері әйеліне көмектесіп, түсіністікпен өмір сүріп, берекелі отбасы болады деп ойлаймын. Менің оқырмандарымның ойы қалай екен?" - деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.