Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
578
оқылды

2024 жылдың басынан бері 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға төлем тағайындалды.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған.

Сондай-ақ, 369 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 68 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 342 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.