Скутер жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.
Павлодарда скутер жүргізушісі ЗИЛ-мен соқтығысып, көз жұмды
379
оқылды

Павлодар облысы орталығындағы көшелердің бірінде скутер ЗИЛ көлігімен соқтығысқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Скутер жүргізушісі көшеде ЗИЛ көлігімен соқтығысқан. Ол алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмды. Аталған оқиға бойынша тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Департамент өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.