Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс сот жүйесін реформалау мәселесін талқыламақ
www.istockphoto.com
415
оқылды

Палата бірінші оқылымда сот жүйесін ре­формалау және процестік заңнаманы же­тілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзе­тулерді талқылайды. Тиісті заң жобасын Парла­мент депутаттары Мемлекет басшы­сының тапсыр­маларын орындау мақсатымен әзірледі. Жаңа редакцияға сәйкес, Жоғарғы Соттың рөлі өзге­ріп, оның негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақ­тылау және біркелкі қамта­масыз ету болады. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Осыған байла­нысты Қылмыстық-процестік, Азаматтық-процестік және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстеріне өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи ау­мақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәр­тібін жетілдіру туралы заң жобасы мен Са­лық кодексіне енгізілетін ілеспе тү­зетулерді бі­рінші оқылымда қарау ұсы­нылады.

Күн тәртібінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан арасындағы цифрлық ин­клюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлерінің конфе­рен­циясын ұйымдастыру туралы келісімді ра­­­ти­фикациялау туралы заң жобасы да бар.

Бұдан бөлек, Мәжіліс комитеттері Қазақ­стан–Катар арасындағы әскери ынты­мақ­тастығы туралы келісімді ратификациялау жо­басы, газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтынуға қатысты заң жобаларын жұ­мысқа алады.