Кеше Мәжіліс депутаттар­ының өңірлерге сапары бас­тал­ды. Жыл сайын каникулға кетер алдында аймақтарды ара­лау­ды дәстүрге айнал­дыр­ған халық қалаулылары көпте­ген нысанды аралап, хал­ық­пен кез­десіп, түрлі жиын­ға қатысады. Осылайша, жер­гілікті проблемаларды өз көзімен көріп, өз құлағымен естіп, тиісті орган­дарға жет­кізуге бастамашы болады. Өңір­­лерге сапар шілде айының 10-ына дейін жалғаспақ.
Депутаттардың өңір-өңірлерге сапары басталды
463
оқылды

Газ жылу стансасының құрылысы бақылауда

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Павел Казанцев, Татьяна Савельева, Самат Нұртаза, Марат Башимов және Дүйсенбай Тұрғанов Астанадағы «Тұран» газ жылу стансасының құрылысымен танысты.

Бүгінде қуаты сағатына 250 гигакалорий болатын 4 қазандық салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл қадам алдағы жылу беру маусымында елорданың Нұра ауданында орналасқан тұрғын үйлерді бірыңғай жылумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл нысандар жеке қазандықтарды пайдаланып келген болатын.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жылумен жабдықтау мәселелерін шешу мақсатымен «Тұран» ГЖС құрылысы жалғастырылуда. Алғашқы қазандық былтыр пайдалануға берілді.

– Жуырда біз «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылдадық. Бұл құжат аталған саладағы мемлекеттік қадағалау-

ды күшейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жылу желілерін бақылау қызметі жергілікті атқарушы органдардан Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау комитетіне берілді. Сондай-ақ жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспары енгізілуде. Бұл қадам саладағы жұмысты жүйелендіруге және ретке келтіруге мүмкіндік береді. Астанада 2 жыл бұрын жылу тапшылығы болған еді. Алайда өткен жылыту маусымында қала алғаш рет профицитке шықты. Бұған «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансасы мен «Тұран» ГЖС-ның 1 кезеңі пайдалануға берілуі ықпал етті, – деді депутат Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат Павел Казанцев жылумен қамтамасыз ету мәселесі шешілгендіктен, «Тұран» ГЖС тұрғын үй құрылысына серпін беретінін атап өтті. Қорғалжын тасжолы бойында қазандықты пайдалануға беру арқылы жылу тапшылығы бар негізгі аумақтарды және Сығанақ көшесінің оңтүстігінде, Тұран даңғылының батысында орналасқан болашағы бар құрылыс аумақтарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қазақстандық ипотекалық компанияның тұрғын үй кешені салынып жатқан «Эллингтон» көпбейінді отбасылық ойын-сауық туристік аумағына және Қорғалжын тасжолы мен Сейфуллин көшесі арасындағы учаскеге жылу желілерін жеткізуге болады. Бұл жаңа тұрғын үйлерді, оның ішінде әлеуметтік нысандарды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың ғимараттарын іске қоспақ.

– 2023 жылдан бері профицит деңгейіне жақындап келеміз. Яғни, жаңа үйлерді жылу желілеріне қосуға қатысты ешқандай шектеу жоқ. Сондай-ақ жылу желілеріне байланысты ақау да жоқ. Жаңадан қосылған 3 станса қажетті гидравликалық режимді сақтауға мүмкіндік береді. Біз Астананы артық шығынсыз жылумен қамтамасыз ете аламыз, – деді Астана қаласы Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Есмағұлов.

Сонымен қатар депутаттар энергетиктердің ұсыныстарын тыңдады. Оның ішінде электр энергетикасы туралы заңға да қатысты ұсыныстар бар.

Сапар барысында мәжілісмендер өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесулер, сондай-ақ азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізеді. Тұрғындармен жүздесу барысында депутаттар сайлаушыларды қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етіп, азаматтардың тарапынан көтерілген аса маңызды мәселелерді зерделейді. Әрі қарай депутаттар Үкіметпен бірге осы мәселелерді шешу жолдарын іздейді. Депутаттардың өңірлердегі сапар қорытындысы күзде Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарының бірінде жинақталады.

Аманаттықтар тұрғындармен кездесті 

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашинов шекаралық Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда жол мен интернет байланысы мәселесі көтерілді.

Тұрғындарды Шемонаиха–Өскемен тасжолын жөндеу мәселесі, Үбі өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін жөндеу, интернет байланысының сапасы және басқа да мәселелер толғандыруда.

– Біздің қаламыз кішкентай, мұнда шамамен 20 мың адам тұрады. Бірақ біз де кез келген басқа қала сияқты сапалы медициналық қызметке мұқтажбыз. Біздің аудандық аурухананың ғимараты 1968 жылы салынған. Ал соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 10 жылға жуық уақыт бұрын жүргізілген. Ішіне кіруге қорқасың. Қазір дәрігерлерге көтерме жәрдемақы төленетіні белгілі болды, сондықтан бізде де білікті дәрігерлер саны артады деп үміттенеміз, – деді жергілікті тұрғын Валентин Алифанов.

Депутат Ерлан Саиров Денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге сәйкес, ауылға келген медицина қызметкерлері 100 ЕТЖ мөлшерінде біржолғы төлем алатынын атап өтті (бұл 2024 жылғы есептеу бойынша 8,5 млн теңге). Сондай-ақ балабақшаларға қабылдау кезінде медицина қызметкерлерінің балалары үшін басымдылық қарастырылған, дәрігерлерге қатысты құқықтық қорғау күшейтілген және тағы басқалар бар. Бұл жұмыс «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіледі және жергілікті жерлерде медициналық кадрлардың тапшылығын жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

Мәжілісмендердің айтуынша, мұндай кездесулер өте маңызды. Себебі осындай жүздесулер барысында халық қалаулылары Президент тапсырмалары мен сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын қадағалап қана қоймай, тұрғындарды толғандырған мәселелерге құлақ түріп, жергілікті биліктің сол проблемаларды шешуіне ықпал етеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық аумақтарды және шекаралық аудандарды дамытуға ерекше назар аударады. Басты мақсат – халықтың көшуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шекаралық аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру. Бұл – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыты. Барлық көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға аламыз. Атап айтқанда, биыл Шемонаиха мен Өскемен арасындағы сапалы заманауи жолдың құрылысына тендер өткізіледі, –деді Ерлан Саиров.

Сонымен қатар халық қалаулылары Шемонаиха қаласындағы мектеп құрылысының барысымен танысты. Оқу орны 300 орынға есептелген, оны осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.

– Сапалы білім еліміздің әрбір баласына, ол үлкен қалада немесе ауылда тұрса да, қолжетімді болуға тиіс. Аймақтық теңсіздіктер біртіндеп жойылуда. Сондықтан депутаттар «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылуын бақылайды. Бүгін кездесулер Шемонаиха қаласында басталды, әрі қарай басқа аудандарда да жалғасады, – дейді Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов.

Депутаттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасындағы шекара бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен де танысты. Халық қалаулылары қолданыстағы жабдықтарды жаңарту, әскери қызметшілерді қамтамасыз етуді жақсарту және өткізу пункттерін жаңғырту мәселелерін бақылауға алды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

 Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «АМАNАТ» партиясы фракциясының депутаты Екатерина Смышляева Қостанай қаласының орталық және мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барды.

Депутат Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарды беру секторларын, операциялық және халықты құжаттандыру кабинетін көрді. Сондай-ақ тұрғындарды құжаттандыру, оның ішінде саусақ іздерін алу тәртібімен танысты. Осы мақсатта Қостанайдағы Халыққа қызмет көрсету орталығында шетелдік азаматтардың саусақ іздерін алуға арналған құрылғы бар. Қазақстандықтар үшін бұл рәсім ерікті. Бұған қатысты түзетулерге депутаттар бастамашы болып, Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізді.

Орталық қызметкерлерімен кездесуде Екатерина Смышляева құқық қорғау мәселелері мен салалық мәселелерді талқылады. Соңғы екі жылда республика бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысының деңгейі 100 пайызға өскені айтылды. Кадрлардың кетуі айтарлықтай азайған. Сонымен қатар орталықтарға деген сұраныс әлі де жоғары, бірақ онлайнға көшу үрдісі де қарқын алуда.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында депутат дайын құжаттарды беру секторы, операциялық зал, теориялық кабинетпен және автодром жұмысымен танысты.

– Сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған жүргізуші куәлігі емтихандарын тапсыру рәсімін орталықтандыру мәселенің екіжақты екенін көрсетті. Кезек күту, емтихан тапсыру үшін аумақтық бөлімшелердің, тестілеу алаңдарының жоқтығы, жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі және басқалар. Сонымен қатар автомобиль өнеркәсібінің өркендеу дәуірінде теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру үшін жүздеген шақырым жол жүруге мәжбүр көлік иелерінің саны да артып келеді, – деді Е.Смышляева.

Автосервис орталықтарының балансында тұрған автодромдарды ұстау мәселесі де көтерілді. Бұл тұрғыда олар қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтарға тап болуы ықтимал. Автомектептер мен техникалық қызмет көрсету стансаларын лицензиялау мәселелері де сөз болды. Екатерина Смышляева осы түйткілдерді реттейтін заң Сенатта қаралып жатқанын атап өтті. Түзетулер қабылданған соң тексеру бекеттерінің жұмысына рұқсат беру тәртібі және тиісінше рұқсат беретін бақылау пайда болады.

 

Н.ОРАЗҒАЛИЕВ