Оралда кофехананың ашылу салтанатына жүздеген адам жиналған.
Оралда кофехананың ашылуына жиналғандар бірін-бірі таптап кетуге қалды
видеодан кадр
957
оқылды

Желіде Оралда кофехананың ашылуында түсірілген видео пайда болды. Ашылу салтанаты жақсы басталғанымен, жиын соңында жиналған халық бірін-бірі таптап кете жаздады.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, аталған жағдайға елімізге танымал блогерлердің келуі себеп болған. Жиналған жұрт арасында жүрген балаларға мән бермей, бірін-бірі басып кете жаздаған. Желі қолданушыларының пікірінше, блогерлер оларға тегін бірдеңе таратқан болуы мүмкін. Алайда бұл туралы нақты ақпарат жоқ.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оқиға 28 маусым күні сағат 18.00-де болған. 

"Қадыр Мырза-Әлі шағынауданында танымал блогерлердің қатысуымен кофехана ашылды. Іс-шараға Орал қаласының 200-ге жуық тұрғыны келді. Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Іс-шара барысында қылмыс болған жоқ. Сондай-ақ зардап шеккендер жоқ", – деді полиция.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.