Ресми түрде 94 адам зардап шегіп, 86 миллион теңге шығынға ұшырады.
Қостанай облысында Qnet қаржы пирамидасының басшысы алты жылға сотталды
245
оқылды

Қостанай облысындағы Qnet қаржы пирамидасының басшысы алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Aikyn.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы QNet халықаралық компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелген. Осылайша, 2017 жылдың тамызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін тұрғындарды қаржы пирамидасына тартқан.

"Компания өкілі" өз кінәсін мойындамай, ақтауды талап етті. Сот әйелді бес жыл мерзімге қаржылық, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген сот үкімінде. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ, яғни оған шағымдануға болады.