Ондаған мың жазылушы жинаған "Ұлттық банк" парақшасы жалған болып шықты.
Абайлаңыз, "Ұлттық банкке" алданып қалмаңыз!
www.istockphoto.com
2,717
оқылды

Instagram желісінде белгісіз біреулер Ұлттық банктің ресми парақшасының атауын дәлме-дәл қайталайтын парақша ашқан. Бұл туралы банк сайтына сілтеме жасаған Аikyn.kz хабарлайды.

 "Ұлттық банктің доменіне ұқсас атауларды қолдана отырып қаскөйлер фишингтік хаттарды жіберу үшін реттеушінің атынан жалған пошта ашады. Ондай хаттарда, әдетте, жалған сайтқа сілтеме беріледі немесе төлем жасауға арналған өтініштер мен танысуға шұғыл құжаттар болады. Сілтемеге кірген жағдайда пайдаланушының мобильді құрылғысын қашықтан басқаруға негізделген алаяқтардың зиянды бағдарламасы қондырылады", – делінген орталық банк хабарламасында.

Қазақстан Ұлттық Банкі реттеушінің Instagram-дағы жалғыз ресми аккаунты – national_bank_of_kazakhstan екенін еске салды. Алаяқтардың қақпанына түсіп қалмау үшін Ұлттық банк өкілдері күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.

"Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейді. Егер сіз немесе жақыныңыз алаяқтардың арбауына тап болса, арыз жазу арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына да хабарласуға болады", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.