Толассыз жауын-шашынның салдарынан су деңгейі көтерілуі ықтимал.
Алматы облысын су басуы мүмкін
2,828
оқылды

5-7 шілде күндері қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының тауларында су тасып, сол маңдағы елді мекендерді су басу қаупі бар.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуіне сәйкес, жауын-шашынның салдарынан Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында еңіс ағыны қалыптасып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Ондай жағдайда су тасып, елді мекендерді басу қаупі жоғары.

Синоптиктер қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің жайылма учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатынын ескертеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.