Екі жақтың бітімгершілігі нәтижесінде іс тоқтаған.
Ұшақта төбелес шығарған Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды
3,670
оқылды

Танымал әнші Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін іс қозғалып, сот отырысы онлайн өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Алматы-Астана» рейсінің бортында әнші мен жәбірленуші Асылжан Берікқалиевтің арасында жанжал туындаған. Бортсеріктер құқық бұзған екі азаматты ұстап, полицияға тапсырған. 

Сотта екі тараптың уәжі айтылып, оқиғаның қалай болғаны белгілі болды. Әнші өзін жәбірленуші екенін мәлімдеп, судьядан айыппұл түріндегі жазаны сұрады.

Екі жақтың бітімгершілігі негізінде іс жүргізу тоқтатылсын. Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды, – деді судья.

Бірақ Қайрат Нұртас 15 тәулік мерзімін тағы да қысқартуға мүмкіндік сұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.