Жағымды жаңалықты ҰОК баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан әйелдер күресінен Азия чемпионатында жеті медаль алды
ҰОК
917
оқылды

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Амманда (Иордания) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дүбек (62 келі) күміс жүлдегер атанды. 

Қола медаль иегерлері қатарында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) бар.