Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы, көрнекті ақын Мақ­тым­құлыға арналған ес­керт­­­­­кіш­тің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-ша­­­раға Қазақстан Пар­ламенті Се­натының Төрағасы Мәулен Әшім­баев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бер­дімұхамедов қатысты.
Түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткішін ашты
394
оқылды

­­Мәулен Әшімбаев мейман­дарға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Түрікменстан ара­сындағы тереңнен тамыр тартатын бауыр­­ластық және достық қарым-қаты­настың маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ ол бүгінгі тиімді мем­ле­кетаралық ынты­мақтастық екі елдің басшылары Қасым-­­­Жомарт Тоқаев пен Сердар Бер­­­­дымұхам­медовтің өзара құрметке негіз­делген бай­ла­нысының және Халк Мас­лахатының Төрағасы Гур­­­бангулы Бердімұха­медовтің белсенділігінің нәтижесі екеніне назар аударды.

«Қазақстан астанасында Мақтымқұлы ескерткішінің ашылуы халықтарымызды бай­­ланыстыратын рухани сабақ­­­тастықтың жарқын көрінісі екені анық. Алдағы уақытта Ашхабадта қазақтың ұлы ойшылы және бас ақыны Абайға арналған ескерткіш орна­тылады. Бұл екі оқиға симво­­ликалық мәнге ие», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері Абай мен Мақтымқұлының философиясы, поэзиясы, айтар ойы мен өсиеті үндес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол Мақ­тымқұлының шығарма­шылығы түрікмен халқының даналығы мен парасатына табан тірейтінін, ақынның мұрасы бүкіл адамзатқа ортақ игілік екенін атап өтті. Мәу­лен Әшімбаев Астанада Мақтым­құлы ескерткішінің ашылуы Қазақстан мен Түрікменстан ха­лықтарының достық байла­нысын одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін де айтты.

«Философтың ғажайып туын­дылары мен өсиеттері 300 жылдан бері туған жұртының асқақ ру­хымен және жасампаз қуатымен бірге жасап келеді. Мақтым­құлы­ның шығармалары түрікменнің төл құндылық­­тарынан нәр алады. Шын мә­нінде, ақынның мұрасы – адамзаттың алтын қорына қо­сылған құнды еңбек және Ор­талық Азия халықтарының ортақ қазы­­насы», – деді Қазақстан Парламенті Сена­тының Тө­рағасы.

Сондай-ақ салтанатты рәсімде ақынның 300 жылдығы Қазақ­станда да кең көлемде аталып өтіп жатқаны айтылды. Мерейтой аясында ғылыми конференциялар ұйым­дастырылды. Одан бөлек, Қазақ­станның Мәдениет және ақпарат министрлігі Мақ­тымқұлы атындағы халықаралық сый­лық тағайындау туралы бастама кө­терді. Аста­нада аталған ескерт­кіштің ашылуы Түрік­менстанның Қазақстандағы мәдениет күндері мен Қазақстанның Түрік­мен­стан­дағы мәдениет күндері аясында өткізіліп отыр. Мұндай қадам екіжақты қарым-қаты­настарды одан әрі нығайтуға және қазақ-түрікмен халықтарының рухани байла­нысын арттыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Айта кетейік, 2024 жыл түркі әлемінде Мақтымқұлы Пырағы жылы болып жа­рияланды. Ал ақынның мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы даталарының тізіміне қосылды.