Бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылды.
Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Ашық дереккөз
1,284
оқылды

Оқиға 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, - деп жазады Aikyn.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.   

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Ол үшін:

  • Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
  • Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз; 
  • Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек; 
  • Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз; 
  • Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.