Айына 10-15 миллион теңге жалақы алатын (білімі мен маңдай терімен) адамдардың психикалық денсаулығында ақаулықтар міндетте түрде байқалады. Стресс жағдайда өтетін күнделікті жұмыстан ағза қатты зардап шегеді.
Айына 15 миллион жалақы алатын 3 адам жұмыстан кететіндерін мәлімдеді
300 000 доллар жалақы ұсынған жұмысты тастап кеткен 3 менеджер ауыр жұмыс пен қатал талаптардан шаршаған. Фото Getty Images фото-банкінен алынды. Авторы: Recep-Bg
15,900
оқылды

Өзінің психикалық денсаулығына басымдық беріп, алты сандық жалақы алатын адамдар туралы businessinsider.com сайты жазды. Бұл материалдағы адамдардың жоғары жалақы беретін жұмыстарын тастауының себептерін Aikyn.kz түсіндіреді.

6 таңбалы жалақы беретін жұмыс орындарында өте қиын жүктемелер мен жоғары талаптар қойылады. Фото Getty Images фото-банкінен алынды. Авторы: Skynesher

6 таңбалы жоғары жалақы алатын 3 менеджер психикалық денсаулығына байланысты жұмыстарын тастаған. Олар стресс жағдайда өтетін жұмыс күндерін және қолдаудың жетіспеушілігін жеңу қиынға соққанын айтады. Жұмыс пен денсаулық арасындағы тепе-теңдік ұстаудың қиын екенін біліп, олардың үшеуі де дені сау өмірді таңдаған. Алты таңбалы жалақы беретін жұмыс орындарында өте қиын жүктемелер мен жоғары талаптар қойылады. Қолайлы жұмыс ортасы жасалғанымен, көптеген жағдайда қызметкерлер жалақысы мен психикалық денсаулығының арасында таңдау жасауға мәжбүр болады.

Business Insider психикалық денсаулығын сақтау үшін жылына 200 000-300 000 доллар жалақы ұсынған жұмысты тастап кеткен 3 менеджердің оқиғасын талдайды.

Олардың әрқайсысы өз салаларында жақсы табыстарға жеткен, бірақ олар ауыр жұмыс пен қатал талаптардан шаршаған. Психикалық денсаулығы нашарлағанын байқаған үшеудің жұмыстан кетуден басқа амалы қалмаған.

2023 жылы жаппай жұмыстан қысқарту кезінде Канг өзінің қорғансыз екенін мойындауға мәжбүр болған. Фото Getty Images фото-банкінен алынды. Авторы: Bymuratdeniz

Бірінші мысал. Джин Канг өзінің компаниясындағы «қарбалас мәдениетіне» таңғалады. 31 жасар Канг бастапқыда үлкен технологиялық компаниялар ұсынатын әртүрлі жеңілдіктер мен 6 таңбалы жалақыға қызыққан. 

Кан: «Мен әр лауазымда техникалық артықшылықтарға ие болдым – үлкен жалақы, тегін тамақ, қашықтан жұмыс, спортзалға тегін абонемент, массаж және т.б.

Осындай таңғажайып артықшылықтарға қарамастан, Канг өзінің бәсекелестерінен асып түсу үшін үлкен қысымды сезінгенін айтады. Ол өз өмірін үлкен компанияларға мол табыс әкелетін жұмыстың кішкентай ғана тетігі екенін кеш түсінген.

2023 жылы жаппай жұмыстан қысқарту кезінде Канг өзінің қорғансыз екенін мойындауға мәжбүр болған. Содан кейін ол Big Tech-тан біржола кету керектігін түсінген. Соңында 300 000 доллар жалақыдан бас тартып, басқа жеңілдеу қызметке ауысқанын айтады.

«Менің ең үлкен қорқынышым сәтсіздікке ұшырау болды, бірақ мен өзімнің қабілетімді төмен бағалағанымды түсіндім және кейін әрқашан басқа жұмыс таба алатыныма көзім жетті. Қазір өзіме ыңғайлы жобаларды таңдаймын және табысқа жету үшін өзіме көп қысым жасамаймын. Қазір мен 30-40 сағат жұмыс істеймін, кейде демалыс күндері де істеймін, бірақ қажет болғандықтан емес, өзімнің қалауым бойынша», – дейді Канг.

Ұзақ жұмыс күндері ұзақ түндерге жалғасады. Ол тапсырмаларды орындау үшін түнімен офисте қалатын. Фото Getty Images фото-банкінен алынды. Авторы: RyanJLane

Екінші мысал. Эрик Ю 6 ай бойы жұмыстағы дүрбелеңнен зардап шегеді. 28 жасар Эрик Ю өзінің алғашқы еңбек жолын Facebook-та бастағанын, технология саласындағы мансапқа қуанған айтады. Бірақ алғашқы қуаныш ұмытылған сайын оның орнын алаңдаушылық басады. Қарқынды кодтауға арналған ұзақ жұмыс күндері ұзақ түндерге жалғасады. Ол тапсырмаларды орындау үшін түнімен офисте қалатынын, бірақ бәрібір басшы инженерлердің қатал сынына тап болғанын айтады.

«Мен өмірімнің ең қиын кезеңдерін сол кезде бастан кешірдім. Әр күнім қайталана беретін тапсырмаларды орындаумен өтетін. Мен не істеп жатқанымды немесе не үшін жұмыс істеп жатқанымды түсінбейтін жағдайға жеттім», – дейді Ю.

Бастығы оның жұмысына шындап күмән келтіргеннен кейін ғана ол технологиядан кетуді шешеді. Келіншегі Вандамен баламалы табыс көздерін қарастырғаннан кейін ол жұмысын тастайды: «Мен 370 000 доллар жалақы беретін жұмысты тастап, өмірімнің соңына дейін Meta-да қалу ақылға қонымсыз екенін түсіндім. Бұл маған қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етер еді. Бірақ бұл мен үшін емес екенін білдім». Ол енді жылжымайтын мүліктен пассивті кіріс алады және бос уақытын өмірден шынымен не қалайтынын анықтау үшін пайдаланады.

McKinsey-дің бұрынғы қызметкері: «Мен үстелден басымды алмайтын едім, тамақтануды ұмытып, көп салмақ жоғалттым». Фото Getty Images фото-банкінен алынды. Авторы:  Westend61

Үшінші мысал. McKinsey-дің бұрынғы қызметкері психикалық ауруға байланысты демалысқа шығуға мәжбүр болады. Құпиялылық мәселелеріне байланысты аты-жөнін жасырғысы келген бұрынғы McKinsey қызметкері өзінің көмекші рөлі қиын болатынын білгенін айтады. Ол өзінің аналитикалық дағдыларын шыңдау үшін бұл қызметке келісім берген, бірақ жұмысының ауыр болатынын күтпеген. Ол тәулігіне 16 сағат жұмыс істегенін, бірақ тәлімгер болмағанын және нашар әріптестермен қызметтес болғанын айтады.

«Мен үстелден басымды алмайтын едім, тамақтануды ұмытып, көп салмақ жоғалттым. Дәретханаға баруды да әрең есіме түсіретінмін. Итімнің маған мұңайып қарап тұрғанын байқаған кезде ғана жұмыс үстелінен тұру қажеттігін түсінуші едім», – дейді ол.

Демалыста жүріп тек «жұмысын ойлайтын» адамдар туралы мына әзіл видеода:McKinsey-дің жұмбақ қызметкердің айтуынша, бір жылдан кейін оның шыдамы таусылған: «Бұндай жұмыс мені жардың жағасына апарды. Мен енді мұны істей алмадым. Жұмысты сондай режимде жалғастыру үшін мазасыздықты басатын дәрі-дәрмектің үлкен дозасын қабылдауға тура келді», – дейді ол.

200 000 доллар жалақыға қарамастан, өзінің психикалық денсаулығын қайта қалпына келтіру үшін ол McKinsey-ден кетуге шешім қабылдайды.

Жұмыстан кеткеннен кейін бір жыл өткен соң ғана ол өзінің психикалық денсаулығының жақсарғанын байқап, жұмысқа қайта оралуға дайын екенін түсінеді. Ол енді бұрынғыдай емес, «өз қызметкерлеріне қамқорлық жасайтын, инклюзивтілікті бағалайтын және барлығына құрметпен қарайтын компаниялардан» жұмыс іздейтін болған.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.