Қарағандыда 5 жасар қызды иті қауып алғаны үшін иесі айыппұл төлейді.
Баланы қауып алғаны үшін иттің иесіне 37 мың теңге айыппұл салынды
www.istockphoto.com
1,050
оқылды

Иесі итті ағашқа байлап қойған. Итке қызыққан бала оны сипамақ болып, қасына барған. Сол кезде ит қауып алған екен, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты "Патриот" телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Ит балаға тап беріп, бетін тістеп алған. Ол уақытта баланың жанында анасы болыпты. Ал кішкентайды ауруханаға иттің иесі жеткізген. 

"Дәрігерлер балаға 8 тігіс салды. Құтырмаға қарсы екпе сала алмады, себебі баланың бұл препараттарға қарсы реакциясы болған. Енді баланың бетінде тыртық қалады. Ал иттің иесі баланың оған өзі барғанын айтып, жауапкершілікпен қашып отыр", – деді отбасының құрбысы Виктория. 

Әйелдің сөзінше, ойын алаңында баланың жанында үлкен адамның жүруі міндетті емес. Оның үстіне иттің тұмылдырығы болмаған. Осы үшін иттің иесіне айыппұл салыныпты. 

"Кәмелетке толмаған баланың анасы иттің иесін жауапқа тарту туралы арызбен жүгінбеді. Материалды зерттеген соң иесін итті серуендеуге шығару тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 36 920 теңге айыппұл арқалады", – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.