Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Асхат Тарғын Алматының іргесіндегі жер үйін сататынын мәлімдеді.
Былтыр ғана көшіп келдік: Асхат Тарғын зәулім үйін көрсетті
265
оқылды

Өнер иесі зәулім сарай құрылысын бүге-шүгесіне дейін өзі бақылағанын айтып, қимайтынын да жасырмады, деп жазады Aikyn.kz.

“Құрметті достар, білесіздер, осы үйді өзім тұрамын деп бүге-шүгесіне дейін мұқият салдыртып едім. Өткен жылы ғана бітіріп қоныстанғанбыз. Енді сатқалы жатырмын. Баламның оқуы қалада болуына байланысты жер үйді сатуға тура келіп тұр. Аман болсақ, тағы да салармыз. Үй өте сапалы, тұрған жері де жақсы. Жаңа Aport Mall-дың дәл қасында, қалаға 8-10 минутта жетесің", – деп жазды өнер иесі. 

Әншінің тыңдармандары үйдің бағасы мен оны не үшін сатайын деп жатқанын топшылап үлгерді. 

“Қалаға 10 минут болса, сатпағаны дұрыс”, “450 миллион теңге депті, рас па екен?!”, “Әкесі ауырып жатыр еді, соған ақша керек болған шығар?!”, “Әншілердің бәріне не болған? Өзім тұрамын, өзім соққанмын деп үйлерін сатып жатыр”, “Үйдің сызбасы ұнаған жоқ. Бөлмелері тар секілді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.