Көшпенділер ойындарының жалпы операциялық бюджеті 5,7 млрд теңгеге шыққан.
Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізуге 8 миллиард теңге жұмсалмақ
aikyn.kz
1,552
оқылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындалу және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров бұған қанша қаражат жұмсалатынын айтты.

Наиль Нұровтың айтуынша, ойындардың жалпы операциялық бюджеті 5,7 млрд теңгеге шыққан.

"Иә, бұл қомақты қаржы, бірақ 2011 жылы өткен жетінші қысқы Азия ойындарының бюджеті 20 есе көп болды. 2017 жылы Алматыда өткен Универсиаданың бюджеті бес есе жоғары болғанын еске салғым келеді", – деді ол.

Ол қаражаттың белгілі бір бөлігін қаржылық серіктестер мен демеушілер аударатынын атап өтті. Айтуынша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге барлығы 8 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалады деп жоспарланып отыр. Бұл сомаға елорданы және спорттық нысандарды ойындарға дайындау кіреді.

Туризм және спорт министрлігінің сайтында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында Астанада өтетіні жазылған. Ойынға 89 елден делегациялар қатысады деп күтілуде, бұл 2,5 мыңға жуық спортшы. Астанадағы ең үздік спорт алаңдарында 20 жарыс және 10 демонстрациялық спорт түрінен жарыс өтетіні атап өтілді. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі интеллектуалдық ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс аулаудың ұлттық түрлері, ат жарысы, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлерінен көрсетілім қойылымдары бар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.