Астана қаласындағы Халықаралық мектептің түлегі Акрам Сафиязов IB емтиханынан рекордтық 45 ұпай жинады.
«АҚШ-тың ең беделді сегіз университетінде оқуға грант ұттым»: қазақстандық түлек
2,844
оқылды

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің түлегі Акрам Сафиязов Халықаралық Бакалавриат (IB) емтиханынан максималды 45 ұпай жинады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл нәтижеге әлем бойынша тапсырушылардың тек 1%-ы ғана қол жеткізеді.

IB емтиханы әлемдегі ең қиын білім беру емтихандарының бірі болып саналады. Бағдарлама алты пәнді оқуды, зерттеу жұмысын орындауды және таным теориясы курсынан өтуді қамтиды, бұл студенттерден терең білім мен дамыған аналитикалық дағдыларды талап етеді.

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің директоры Айдар Булатов: «Бұл нәтиже – Акрамның еңбекқорлығының және жоғары академиялық дайындық деңгейінің дәлелі», – деп атап өтті.

Акрам Сафиязов: «Мен АҚШ-тың сегіз беделді университетінде оқуға грант алдым, солардың ішінде University of British Columbia (QS World University Rankings бойынша әлемде #34 орын) және University of Zurich (QS World University Rankings бойынша әлемде #83 орын) бар. Өз мұғалімдеріме халықаралық бағдарламаға дайындық кезінде көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, маған мектепте қоғамдық қызметпен айналысуға мүмкіндік берілді», – деп қосты.

Астана қаласындағы Халықаралық мектеп Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша авторизацияланған мектеп: Primary Years Programme (PYP), Middle Years Programme (MYP) және Diploma Programme (DP).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.