Апат айтып келмейді. Ал­айда кейінгі кездері ағын су­дың зардабын ауылдағы ағайынның көріп жатқаны ойландырмай қоймайды. Бір апта бұрын шулық шар­уа­­­­ның 400 бас қойын таудан аққан сел шайып кетсе, енді күні кеше Сары­су ауданы тұрғындары тізе­ден су кеш­іп, шырылдап қалды.
Табиғаттың тосын мінезіне не түрткі болды?
1,495
оқылды

Әңгіменің әлқиссасын әрі­ден бастасақ, биылғы жылдың  7 шілдесі күні сағат 17.20 шамасында қатты жауын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, 200-ден астам үйдің ауласын су бас­ты. Сондай-ақ 21 үйдің ішін су алды. Осы күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен оның орынбасары Қанат­бек Мәдібек, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов және Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы­ның басшысы Мұрат Саурықов шұғыл түрде Сарысу ауданына жетті. Бұл кезде аулаларды су шаюдан бөлек,  бірнеше елді мекенде жарық та сөніп қалады. Міне, осындай қиын жағдайда ағын суды ауыздықтау үшін 50-ден астам маман, 17 бірлік техника, 11 мотопомпа жұмылдыр­ылып, дрон әуеге ұшырылады.  «Жаңатас – Саудакент» тасжолы су басу қаупіне байланысты жа­былады. Саудакент елді мекен­інде арнайы техникалардың көмегімен бұрылыстағы суды тоқ­тату әрі бағытын бұру жұ­мыс­­тары қолға алынады. 

8 шілде күні облыс әкімі Ер­бол Қарашөкеевтің өзі су алған аймаққа аттанып, ахуалды көз­бен көрді. Бұл күні су алған ау­ла­л­ардың саны 400-ге жетіп, 47 үй­дің ішін су шайып кеткен болатын. Жедел штаб отырысын өткізген өңір басшысы жауапты­ларға мұндай жағдай қайталан­бауы қажет екенін жүктеді.  

– Арнайы комиссия құрыл­ып  тұрғындарға, зардап шеккен ны­с­андарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз. Ең бастысы, мұндай жағдай қай­таланбас үшін барлық алдын алу шарасын жасауымыз қажет, – деген Ербол Шырақпайұлы  аталған жағдай жеке бақылау­ында болатынын баса айтты.

Бүгінде зардап шеккен тұр­ғын үшін қабылдау пункттері жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ха­лықты тасымалдауға арнайы көл­іктер қарастырылған.

Әрине, апаттың салдарымен жұмыла күрескен жөн. Алайда ха­лықты қазір келтірілген шы­ғын­ның қалай өтелетіні алаң­датуда. Осыған орай бүгінде матер­иалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрыл­ып, есеп жүргізуде. Ал Төтенше жағдайлар департаменті қызмет­кер­лері күн-түн демей су сору жұ­мыстарын қолға алған.  Бүгін­ге дейін 18 600 м3 су сорылса,  жал­пы 128 аула мен 47 үйдің іші су­дан тазартылған.

Жаңатас қаласындағы «Малоэтажка» және  «Дегерес» ша­ғын­аудандары  жарыққа қосыл­ып отыр. Ал Д.Қонаев орта ме­к­тебінде судан тазарту жұ­мыс­тарының жүргізілуіне байланыс­ты жарық әлі берілмеген. Ат­алған мектепті су алғанын мамандар кейіннен анықтаған.  

Қазір ұшқышсыз ұшу аппар­ат­ының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені белгілі болып отыр. Мамандар адам мен мал шығыны жоқ екенін айтады. Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтірілсе, оған 12 адам орналыстырылған. Тұрғындардың дені өз еркімен үйлеріне оралуда. «Жаңатас – Сау­дакент» тасжолы да жолау­шы­ларға ашылды. 

Десе де, төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қыз­мет­терінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты әлі оқиға орнында. Олардың мақсаты – төтенше жағдайдың қайталануын болдырмау.

Кеше облыс әкімі Сарысу ауданында тағы іссапармен болды. Аулаларды аралап көріп, бұқарамен тілдесті. Ал 150 ерікті жас «Таза Қазақстан» акциясы аясында су алған аймақтарды күл-қоқыстан тазартуға қол ұшын берді. Бұл – бас бармақ­пен бағалайтын бастама.  

Негізі, «Арал теңізінің дең­гейін көтеру үшін ғалымдар жасанды жаңбыр жаудырып жатыр» деген әңгіме айтыла бастағаннан бері ағын су тағы қос бүйірден қыса бастағандай. Олай дейтініміз –  атмосфера­ның қолдан өзгертілуі барлық өңірдің климатына әсер етіп жатқанына халық бек сенімді. Күні кеше Шу ауданында шар­уа­ның 400 бас малын ағызып әкеткен селдің де туындауын көпшілік осы жасанды жаңбыр­мен байланыстыруда. Сарысу ауданындағы аулаларды су шай­ғанда да бұқара осы жағдайды еске алды. Әрине, бұл тұста біз Аралдағы жағдаймен, Жамбыл­дағы ағын судың байланысы бар ма, жоқ па, оны нақты айта алмаймыз. Әйтеуір, «ел үшін жасалып жатыр» деген шараның сол елдің өзіне зияны тимесе бол­­ғаны. 

 

Жамбыл облысы 

Саятхан Сатылған