Желіде оқырманы әншіден "Raim-ға арнаған әніңіз бар ма?" деп сұраған.
«1001 күн»: Ерке Есмахан Raim-ға арнаған әндері туралы айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan
4,476
оқылды

Әнші Ерке Есмахан Raim-ға арнаған әндері туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Желіде оқырманы әншіден "Raim-ға арнаған әніңіз бар ма?" деп сұраған. Әнші отбасы құрмай тұрып, кездесіп жүрген кездегі әндері туралы айтып берді. 

"Бұрында бір жүріп, бір жүрмей, бір мезгілде түбегейлі қоштасып, одан қайтып кездесіп қалып сезім қайтадан лаулады. Не боларымызды білмей жүргенде 2019 жылы "1001 күн" деген әнімді арнаған едім. Одан соң 1 жылдай мүлдем кездеспей, жүздеспей нүкте қойылды. Әркім өз өмірін сүріп кеткен кезде "Аққу" деген әнімді арнадым. Содан 2023 жылы Раймға күйеуге шығып, өмірімді арнап, бала туып отырмын", – деп жауап берді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.