16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жаңбыр, жел, бұршақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
3,249
оқылды

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері көп аймақта жаңбыр жауады. 

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын болады. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр. 

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болады. 

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін төмендейді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.