Ашық дереккөздерде күдіктінің 2017 жылы Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған Наила Мулюкова екені айтылған.
125 миллион теңгеден астам залал келтірген: Алматылық шендіге қатысты тергеу аяқталды
393
оқылды

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді. 

“Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, бюджет қаражатын жымқырып және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін күдіктелуде. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 125 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілді”, – делінген хабарламада. 

Антикор өзінің бұрынғы қызметкеріне халықаралық іздеу жариялады.

Іс сотқа жіберілген.