Ол есін жимастан көз жұмды.
Шымкентте кене шаққан бір адам қаза тапты
914
оқылды

Шымкентте Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны кене шаққаннан конго-қырым геморрагиялық қызбасынан көз жұмды. Бұл туралы Аikyn.kz сайты  Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Оны дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызды. Онда ол үш күн бойы қажет емді алған. Алайда оны құтқару мүмкін болмады. Ол есін жимастан көз жұмды. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір тағы бір науқас осы безгек ауруы бойынша күдікте тұр. Оған сынамалар жасалып, тексеріске жіберілген.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы (ККГЛ) ауыр ағыммен сипатталатын қоздырғыштың берілу механизмі бар жедел вирустық инфекциялық аса қауіпті ауру. Бұл аурудың қауіптілігі сонша, өлім-жітім деңгейі 30-70% аралығында өте жоғары.