Талаптар орындалмаған жағдайда чемпиондық атағынан айыруы да мүмкін.
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта жұдырықтасуды жалғастыра бермек
www.istockphoto.com
2,360
оқылды

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ қууға байланысты сәтсіздіктен кейін жаңа мәлімдеме жасады. WBO және IBF чемпиондық атағына ие Жәнібек орта салмақта қалатын болды. 

"Қолдауларыңызға рақмет! Қазір мен жақсымын. Маған қайта қалпыма келу үшін бірнеше апта керек, сосын ораламын! Ең маңызды жаңалық: орта салмақта менің әлі бітпеген ісім бар," – деп жазды боксшы. 

WBO 10 күн ішінде боксшының денсаулығына қатысты құжаттар мен қашан шаршы алаңға шыға алатыны туралы ресми ақпаратты күтеді. Егер талаптар орындалмаған жағдайда чемпиондық атағынан айыруы да мүмкін.