Өнер иесі өзінің бойындағы әдет туралы айтқан.
«Бір жаман әдетім бар»: әнші Бағлан Әбдірайымов жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official
4,687
оқылды

Әнші Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен ой бөлісті, – деп жазды  Aikyn.kz.

Өнер иесі өзінің бойындағы әдет туралы айтқан.

"Менің бір жаман әдетім бар. Қолымдағы бар нәрсені жұрттарға таратып жібере саламын. Әлде ол жақсы әдет пе? Мысалы, бір сұхбатта отырып, жүргізуші "бір кісіге көмектесе аласың ба?" деп сұрағанда, "иә, көмектесейін" дедім. Артта тұрған өзім мініп жүрген астымдағы көлігімді басып ешнәрсе сұрамай, ешкімнен ешнәрсе күтпей, бере салдым. Өзім солай көліксіз қалып, біраз жаяу жүріп қалғанмын. Бір қызығы іште сосын ешқандай өкініш болмайды. Бұл Нұрсұлтан деген жігіт, қандай шара жасасам да көрермен болып қолдап, қалмай келіп жүреді. Оған қолымдағы сағатымды естелікке беріп жібердім. Осылай жүрген жерімде қолымдағы барын таратып жүремін. Көп адам мұны түсіне алмай жатады. Мен өз ойым: Кең болсаң, кем болмайсың. Ризықты беретін Алла, басқа басқа жерден береді. Ең бастысы пейілді тарылтпасын", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.