Франсуа Гросдидье болашағы зор жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Абай университетінің делегациясы Мец қаласының мэрі Франсуа Гросдидьемен кездесті
1,542
оқылды

Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы Францияға жұмыс сапары аясында Мец қаласының мэрі Франсуа Гросдидьенің ресми қабылдауына шақырылды. 

Кездесу барысында Франсуа Гросдидье Қазақстанның Орталық Азияда шешуші рөл атқаратынын, сондықтан Абай университетінде Францияның жетекші жоғары оқу орны – Лотарингия университетінің филиалын ашу жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытумен қатар Мец және Алматы қалаларын бірлесіп ілгерілетуге мүдделі. Сондай-ақ, Франсуа Гросдидье болашағы зор жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Абай университетінің ректоры Болат Тілеп өз кезегінде қала басшысына алғысын білдіріп, француз университеттерімен ынтымақтастық университет дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, жобаны одан әрі стратегиялық ілгерілетуге дайын екенін жеткізді. Жалпы, Қазақстан мен Франция екі елдің өркендеуі мен әл-ауқатының артуына ықпал ететін ғылым мен білім саласындағы ұзақмерзімді және өнімді қарым-қатынастарды қолдауға дайын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.