«Время» басылымында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Логика реформ» мақаласы жарық көрді.
Ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін жаңа жүйенің қалыптасуына атсалысу керек
Фото: akorda.kz
948
оқылды

Саясаттанушы Жанерке Қайратқызының пікірінше, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Логика реформ» мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 жылдық мерзімде атқарған жұмысын саралайды. Қазақстанның саяси жүйесі мен экономикасының даму жолының хронологиясын келтіріп, тиісті бағасын берді. Мақаланы оқып отырып, аталған әр оқиғаның маңызы мен оған берілген бағаға қатысты диссонанс туындамады. 

Расымен, халық пен биліктің басына келген сын сағаттар кейде қарама-қайшы көзқарасқа қарамастан кемшілік, қателіктерімен болса да еңсеріліп келді. Оның дәлелі – егемен ел болып әлі де даму жолындамыз. 

Жалпы Қазақстан егемендік алғаннан кейін ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси жүйе бір жағынан белгілі деңгейде ішкі тұрақтылықты, дамуды қамтамасыз еткенімен, екінші жағынан халықтың билікке деген, бір-біріне деген сеніміне селкеу түсіріп, күдікті арттырды. Ескі жүйе «Алдымен экономика» деп ақталғанымен, бұл ұстаным өзінің легитимділігін дәлелдей алмады. Себебі, халық «экономиканың қызығын көргендер» мен «көре алмағандар» болып бөлінді, маңыздысы – орта тап қалыптасып үлгермеді. 

Сондықтан Президентіміз осы бес жылда іске асырып жатқан реформалар – сейілген сенімді қайта қалпына келтіріп, болашаққа деген үмітті арттыру. 

«Халық үніне құлақ асатын Әділетті Қазақстан» бұл жай ғана декларативті түрде жарияланған кезекті бос лозунг емес. Бұл – біз бен сіз болып, әр қазақстандық іске асыратын әлеуметтік келісімшарт. Спикер айтқандай, жаңа келісімшартты орнатып жатқан бұл реформаларды елемей, құнсыздандыруға болмайды. Әлеуметтік келісімшарттың жүзеге асуына тек билік ғана емес, халық та мүдделі болуы керек. Халықтың мүддесі, ұлттың мүддесі, мемлекеттің мүддесі – бір-бірімен ұштасқан ортақ мақсат. Ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін тысқары қалмай, жаңа жүйенің қалыптасуына атсалысу керек деп сенемін», – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.