Жеті маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.
Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттады
Фото: akorda.kz
2,062
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.