Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» пар­тиясының «Таза бейсенбі» акциясы жал­ғасуда. Бұл акция жаңа экологиялық мәдениетті жә­не азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтуде.
«Таза бейсенбі» акциясына 35 мыңға жуық адам қатысты
1,062
оқылды

Биылғы 6 маусымнан бастап партия мүшелері түрлі аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтқанда, жол бойындағы аумақтар, өнеркәсіптік ай­мақтар, тұрғын аудандар, әлеуметтік нысандар. Бүгінге дейін партия мүшелері 4,5 мың тоннадан астам қоқыс жинады. Ел бойынша акцияға 35 мыңға жуық адам қатысты. Өткен аптадан бастап белсенділер жағалау ай­мақтарын, жайылмалар мен өзен арналарын, көлдер мен су айдындарының айналасын тазартуға күш салуда. Қазір­дің өзінде 70-тен астам су объектісі тазартылды.

Мысалы, Шымкентте шамамен 400 адам партия бастамасына қосылды. Бүгінгі тазалау жұмыстары Абай ауданындағы А2 тасжолының бойында өтті. Шамамен 2 тонна қоқыс жиналып, қалдықтар сұрыптау және қайта өңдеуге жіберілді. Партия мүшелерінен бөлек, игі іске жергілікті тұрғындар, мәдениет қайраткерлері және танымал спортшылар ат салысты. Олардың ішінде Мәжі­ліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүше­­сі Данабек Исабеков, партияның Шымкент қала­лық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жол­дыхожаев, қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Қайрат Имашев, ардагерлер, мәслихат депутаттары, Jasyl el еңбек жасағы және «Жастар Рухы» жастар қанатының бел­сенділері болды.

Сонымен қатар танымал спортшылар Арман Оспа­нов, Сұлтан Заурбек, Жазира Жаппарқұл, сондай-ақ ки­норежиссер Марат Достаев, «Миллион» әзілкештер ко­мандасы және «Жайдарман» клубының мүшелері де қоқыстан жол жиегін тазалады.

«Партия мүшелері әр апта сайын, бейсенбі күндері, бекітілген аумақтарда тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді. Партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға арналған ауқымды міндеттер тұр. Бүгінде аумақтарды, өзен-көл­дер­дің жағалауларын тазарту, қаланың көшелерін көгал­дандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

Астана қаласының партия мүшелері де игі істен шет қалмады. 100-ден астам белсенді «Астана – Бурабай» трассасының жанындағы аумақты тазалауға шықты. Олар 200-ден астам қап қоқыс жинады. Айта кету керек, «AMANAT» партиясының астаналық филиалы жанында қаланың экологиялық жағдайын бақылау үшін 5 мо­бильді топ құрылды. Бұған дейін мобильді топтардың жүргізген мониторингінің нәтижелері бойынша 20 заң­сыз қоқыс орны анықталды.

Түркістан облысында «AMANAT» партиясының мү­ше­лері мен «Жастар Рухы» белсенділері Тұрар Рысқұлов ауылының жанындағы Құлан өзенінің бойын тазалады. Жергілікті тұрғын Ақтоты Көшербайқызының айтуын­ша, бұл көрікті жерге демалушылар жиі келеді, кейбірі қо­қыстарын сол күйі қалдырып кетеді.

«Табиғатты қорғау өзіңнен басталуы керек, өйткені та­з­алық – жинаған жерде емес, қоқыс тастамайтын жер­де. Акцияға жастардың белсенді қатысып жатқаны қуан­та­ды, олар қоршаған ортаға қамқорлық жасайды», – деді ол.

Шығыс Қазақстан облысында партия мүшелері Күр­шім және Құйған ауылдарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар Ертіс өзенінің жағалауын, жаңа көпірге апаратын жолды, ауылдардың айналасын тазартты. 13 гек­тар аумақтан жиналған қоқыстар қайта өңдеуге жіберілді. Үш тонна қоқыс шығарылды.

Осындай іс-шаралар елдің басқа аймағында да өтті. Бұл тек қоқыс жинау ғана емес, әрбір учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастапқы партия ұйым­дарының басшылары бекітілген. Олар бекітілген аумақ­тарда тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сон­­дай-ақ қоқыс жәшігін орнату, аумақтарды көгал­дан­дыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты абат­тан­дыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.