Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ.
Париж Олимпиадасы: екі қазақстандық төреші теннис жарысында төрелік етеді
Фото: ҰОК
939
оқылды

Париж Олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбедегі төрешілер. 

Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі.

Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.