ТЖМ баспасөз қызметінен жазғандай, құтқарушылар туристерге көмекке келді.
Алакөлде моторлы қайық мінген сегіз адам жағаға жете алмай қалды
Qazaqstan 3D
2,990
оқылды

Алакөл көлінің жағасынан 40 шақырым жерде сегіз адам мінген қайықтың қозғалтқышы істен шығып, демалушылар өз бетінше жағаға орала алмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"ТЖМ қызметкерлері оларды өз қайықтарымен жағаға шығарып, құтқарды. Туристерге медициналық көмек қажет емес", – деп хабарлады ТЖМ.

Құтқарушылардың бірінің сөзінше, туристер жағаға екі қайықпен шығарылды, ал олардың моторлы қайығы көлде қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.