Финалдық кездесуде Миркадирова Таниша Котечадан (Үндістан) 3:1 есебімен басым түсті.
Қазақстан спортшысы Иракта өткен үстел теннисі турнирінде алтын медаль алды
Фото: ҰОК
1,059
оқылды

Сүлейманияда (Ирак) үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz. 

19 жасқа дейінгі категорияда қазақстандық Сарвиноз Миркадирова алтын жүлдені жеңіп алды.

Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атена Захирифарды (Иран) 3:0, жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1 есебімен ұтты.

Финалдық кездесуде Миркадирова Таниша Котечадан (Үндістан) 3:1 есебімен басым түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.