Әкімдік жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.
Алаяқтар Ерболат Досаевтың атынан "қарызға" ақша сұрайтын болған
1,971
оқылды

Алматы әкімдігі қала басшысы Ерболат Досаевтың атынан қазақстандықтарға WhatsApp мессенджерінде жалған хабарлама жіберілгені туралы ескертеді.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан WhatsApp мессенджерінде жалған хабарламаларға байланысты, сізден мұндай хабарламаларға жауап бермеуіңізді және жалған хабарламаларға сенбеуіңізді сұраймыз. Сіздің ақшаңызды заңсыз алу үшін интернет-алаяқтар жіберіп жатыр", – делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.

Тиісті хабарламаны қалалық әкімдік 2024 жылғы 21 шілдеде жариялады.

Алаяқтар бұған дейін өзге тұлғалардың атынан алдағанын хабарлаған едік. Тіпті, алаяқтар ақпарат шынайы болуы үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған. Хабарландыруда әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден беріледі делінген. Жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылған екен. Stopfake-тің хабарлауынша, бұл жалған. Мұндай төлем жайында бірде-бір ведомство жарияламаған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.