Мемлекет басшысы Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
622
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Естеріңізге салсақ, Лаки Кесоглу 1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР Батумиде дүниеге келген. Туған кездегі есімі – Пантелей, ұлты – грек. 1958-1962 жылдары Шымкент музыкалық училищесін үздік бітіріп, 1962-1967 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын білім алған. 1964-1972 жылдары Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрінің штаттағы солисі болған.

Ел ішінде ол «Өтінемін, айтшы маған», «Сәттілік тілеймін», «Трики-трики», «Бүгінгі түн», «Ұлым менің», «Музыка сабағы», «Жылама, Мария», «Өтінемін, кет», «Мені сүй», «Барлық жағынан», «Сеніменен сөйлесемін», «Махаббат жолымен» деген әндерімен кеңінен танылған. Алғаш өнерін 1972 жылы Мәскеудегі Одақтар Үйінің Колонналы залында өнер көрсеткен болатын.

Бүгінде өнер майталманы Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің құрметті профессоры, 2000 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі құрметті атағы және 1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Қазақ КСРнің Халық артисі құрметті атағымен марапатталды. 2003 жылы "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының иегері. 2004 жылы Президент Жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі Достық ордені мен марапатталды. Құрмет орденінің иегері секілді ол өзге де көптеген марапатқа ие.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.