Бұл ақпаратты Астана прокуратурасы растады.
Бишімбаев ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке келді
897
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл ақпаратты Астана прокуратурасы растады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, Аймағанова қазіргі уақытта Астана прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қамтамасыз ету және апелляциялық сатыға қатысу бөлімінің бастығы қызметіне келді. 

Еске салайық, Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтай бастады. Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі – Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.