Бағдарлама 35 жасқа дейінгі жастарға арналған.
«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Фото: istockphoto.com
1,591
оқылды

29 шілдеде «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Qazaqstan» телеарнасы хабарлағандай, бағдарлама 35 жасқа дейінгі жастарға арналған. Биыл 1200 адам қамтылады деп жоспарланып отыр. 

Ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі – 5 пайыз. 

Бастапқы жарна – 10 пайыз. 

Қарыз 18 млн теңгеге дейін беріледі. Бағдарламаға Алматы қаласында тұрақты тіркеуі бар азаматтар ғана қатыса алады. Меншігінде үй болмауы шарт. 

Сонымен бірге ерлі-зайыптының біреуі ғана өтініш бере алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.