Ол біреуге жақсылық тілеп, ізгі ниетте болу керегін айтқан.
«Біреудің күнәсін арқалаушылар толып жатыр»: Ерке Есмахан оқырманға ой салды
Фото: instagram.com/erke_esmahan
2,339
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өнер иесі оқырманға ой салды. Ол біреуге жақсылық тілеп, ізгі ниетте болу керегін айтқан.

«Кезінде 5k-ны адамдарды жақсылыққа шақыру үшін ойлап тапқанмын.

Жақсы сөз өзіңе айналып келеді.

Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады

Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады.

Жақсы сөз - жақсы энергия.

Жақсы сөз - жарым ырыс.

Бір жағынан, аяқ асты несібе. 

Ал, әркімге жаман сөз жазып, өзінің және біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр. Сол үшін комментте 3 рет 5k бар», - деп жазды әнші.

Әнші әлеуметтік желіде пікір жазған оқырмандарына 5 мың теңге сыйлауды әдетке айналдырған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.