Fast food алыбы мұндай ұсыныс АҚШ аумағымен ғана шектелетінін айтады. Тартымды ұсыныс арқылы компания пайданы емес, жарнама арқылы өзіне клиенттерді тартуды мақсат етеді.
McDonald's түскі асын 5 доллар бағамен сатуға көшті
McDonald's 5 долларлық түскі астан пайда таба алады, бірақ бұл табыс тым шағын болады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Sebastian Ng
1,802
оқылды

Түскі асты 5 долларға сату ұсынысы туралы алғаш болып Quartz сайты жариялады. Америкалық сайттың хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz мұндай жарнамалық науқанның маркетингтік әдіс екеніне назар аударады.

5 доллар тұратын McDonald's түскі асы, тағамның құндылығы 1 000 калория. Фото McDonald's сайтынан алынды

McDonald's ұсынған 5 доллар тұратын түскі ас мәзірі мынадай:

Сізге дәмді маринадталған қияр, туралған пияз, кетчуп, қыша және балқытылған америкалық ірімшік, 4 дана Chicken McNuggets (тауық еті макнаггеті) мен екі 100% таза сиыр етінен котлет. Шағын фри, сіздің таңдауыңыз бойынша мұз қосылған алкогольсіз сусын кішкентай Coca-Cola. 

Осының бәрі 5 доллар тұрады, тағамның құндылығы 1 000 калория.

Бұл науқан McDonald's инфляциядан шаршаған тұтынушыларды өзіне тартудың бір жолы. Фото pt.dreamstime.com сайтынан алынды

McDonald's 5 долларлық түскі ас ұсыну арқылы пайда таба алады, бірақ бұл табыс тым шағын болады.

Мейрамхана нарығын талдаушы Марк Калиновскийдің айтуынша, мұндай бағадағы fast food пакеттің пайда маржасы 1% және 5% аралығында болуы мүмкін. Әрбір сатылған түскі ас пакеті үшін шамамен $0,05-0,25 құрайды.

Калиновскийдің айтуынша, бұл науқан McDonald's инфляциядан шаршаған тұтынушыларды өзіне тартудың бір жолы және олар атақты мейрамхана желісіне қайтып келгенде 5 доллардан да артық сауда жасайды деген болжамнан құралған. Дегенмен қаржылық табыс тағам ингредиенттерінің құны, жұмыс күші және үстеме шығындар сияқты қосымша факторларға да байланысты екенін белгілі.

McDonald's -тың 5 долларлық ұсынысы «пайдадан гөрі жарнамаға» жақын. Фото freepik.com сайтынан алынды 

Arlene Spiegel & Associates консалтингтік фирмасының президенті Арлен Шпигель McDonald's -тың 5 долларлық ұсынысы «пайдадан гөрі жарнамаға» жақын екенін айтады. Мұндай баға науқаны тұтынушыларды мейрамханаға қайтарғанымен, McDonald's-тің франшизасына ие шағын компаниялар (франчайзер) шығын шегуі де мүмкін.

McDonald's мейрамханаларының шамамен 95%-ы франчайзерлерге тиесілі, яғни иелері өз бағаларын белгілейді және жалға алу, сақтандыру, рұқсаттар мен салықтар сияқты қосымша шығындарды төлейді.

Мамыр айында McDonald's АҚШ президенті Джо Эрлингер франчайзерлер 5 долларлық түскі ас ұсыну сияқты акцияларды өткізу арқылы осы үстеме шығындарды азайта алатындарын айтқан еді. Бірақ соған қарамастан, 5 долларлық пакет «қонақтардың жүрегін жаулап, оларды өзіне қайтарады» деп болжайды Арлен Шпигель. Оның ойынша,  жұмыс күші, орайтын материалдар, дәмдеуіштер, тасымалдау және маркетинг сияқты шығындарды есепке алса, fast food алыбы «өз қызметінен түсетін пайданы мүлдем қысқартады» дейді.

Қалай болғанда да үлкен нарықта жұмыс істейтін экономика заңдарына сәйкес, 1 жыл көлемінде McDonald's-тің 5 долларлық науқаны қаншалықты сәтті болғаны анық білінетін болады.

Жылдам тағам желілері тұтынушыны қызықтыру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданады. Тағамдарға қосылатын дәмдеуіштер де адамның тәбетін оятып, тартымды етіп көрсетуге арналған. Денсаулыққа пайдалы тамақтану туралы мына әзіл видеодан көруге болады: 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.