Блогердің айтуынша, ерлі-зайыптылар баласы өмірге келгеннен кейін, өздерін жақсы көруді ұмытып кетеді.
«Бала үшін өмір сүрудің қажеті жоқ»: Айжан Байзақова өмірлік тәжірибесін айтты
4,736
оқылды

Белгілі блогер Айжан Байзақова оқырмандарымен сырласып, отбасындағы сауалдарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Блогердің айтуынша, ерлі-зайыпты балалары өмірге келгеннен кейін, өздерін жақсы көруді ұмытып кетеді.

"Менің балаларым өскенде, мені тастап, өзінің сүйгеніне кетіп қалады. Ал мен қалған өмірімде балаларым үшін жақсы көрмейтін адамыммен тұрғаным үшін өкініп қала беремін. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін.

Менің ата-анам балалары үшін өмір сүрді. Мен олардың бірін-бірі жақсы көргенін көрген жоқпын. Сондықтан мен ерлі-зайыптылар бір-бірін жақсы көре алады дегенде сенбегенмін. Бұл маған мүмкін емес дүние болып көрінетін. 

Балаларыңыз кейін осындай мәселеге тап болғанын қалайсыз ба?! Бала үшін өмір сүрудің қажеті жоқ. Балалар үшін жай ғана бақытты болуға болады", – деп жауап берді блогер.

Сонымен қатар желі жұлдызы әйелге қол көтеретін еркектерді кешірмеу керек екенін айтты. 

“Еркек әйелге қол көтерген күні еркек санатынан шығады. Ешқандай ақтап алудың қажеті жоқ. Одан да кеткеніңіз дұрыс және кешірім бермеңіз. Таңдау тек өзіңізде. Тек өзіңіз ғана тағдырыңызға жауап бере аласыз. Ол сізге қиын болуы мүмкін, бірақ шындық осы. Кетіп қалған кезде қайтып келуді ойламаңыз”, – деп кеңес берді желі жұлдызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.