Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.
Қарағанды ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы екі адам қайтыс болды
Фото: ssmp-almaty.kz
1,107
оқылды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы екі қызметкер қайтыс болды. Төрт науқас әлі де ауыр жағдайда жатыр. Aikyn.kz бұл туралы Кazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қарқынды реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі қызметкерінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.