Алдағы жылу беру маусы­мының үзіліссіз өтуін қам­тамасыз ету үшін Үкімет резер­вінен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шамамен 4,9 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Пре­мьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жылумен қамтуға қаражат бөлінді
www.istockphoto.com
459
оқылды

Қаражат Орал қаласындағы екі жылу магистралін ре­конс­трук­циялауға бөлінеді. Олар тәуекелдің «қызыл аймағын­дағы» 19 жылу көзінің тізбесіне кіреді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке оларды басым тәртіппен жаңғыртуды тапсырған болатын. 

Премьер-Министр Олжас Бектенов биылғы ақпан айында өңірге жұмыс сапары барысында әкімдікке көп кідіртпей рекон­струк­циялауды талап ететін жы­лумен қамту нысандары бойын­ша құжаттама дайындауды тап­сырған болатын. ТМ-5 және ТМ-2 жылу магистральдары бойынша жобалар дайындалды.

Орал қаласындағы ұзындығы 1,6 шақырым болатын ТМ-5 жылу магистралі 1987 жылы пай­далануға берілген, оның тозуы 80%-ды құрайды. Жөндеу жұ­мыстарына 574 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Екінші жоба 4 шақырым ТМ-2 жылу магистралін реконс­трукциялауды қамтиды, оның тозу деңгейі – 75%. Жобаны 4,3 млрд теңге көлемінде қаржылан­дыру көзделген. Екі учаскеде де күрделі жөндеу бұрын-соңды жүргізілмеген.

Бөлінген қаражат 106 көп­қабатты үй мен 20-ға жуық әлеу­мет­тік нысанды, яғни 24 мың абонентті, балабақшалар, мек­тептер, колледждер, ауруханалар мен емханаларды үздіксіз жылу­мен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.