Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.
Астанада үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: ТЖМ
688
оқылды

Астанада үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Астана қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған. 

Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды. 

ТЖМ ескертеді: 

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; 

Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; 

Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.